• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
18 Ақпан, 2011

Кеңейтілген Мәжіліс Жолдауға арналды

406 рет
көрсетілді

16 ақпан күні  партияның Орталық аппаратында «Нұр Отан» ХДП фрак­циясының  «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Бола­шақ­тың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақ­стан халқына Жол­дау­ын­да алға қойған міндеттері және «Нұр Отан» халықтық-дем­о­кра­тия­лық партиясының 2011 жылғы 11 ақпандағы XIII съезінің шешімдері мен 2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясының кеңей­тілген жиналысы өтті. Аталған мәселе жөнінде Премьер-Министр Кәрім  Мәсімов алқа мәжілі­сін­де еліміздің басты қаржы­лық құжа­ты­ның негізгі параметрлері мен кіріс-шы­ғыс бөлі­гін­дегі басым­дық­тар туралы баяндап берді. «Эко­номика дамуы­ның жа­ғымды сипатта қалып­та­суы, энергоре­сурс­тарға, ме­талға әлемдік бағаның тұ­рақтанып, жо­ға­рылауы бюджеттің кіріс бөлігін 290 млрд. теңгеге ұлғайтуға септігін тигізіп отыр. Бұл 290 млрд. теңгені біз 2011 жылғы бюджетте нақтылай оты­рып, барлық қабыл­дан­ған бағдар­лама­лар­дың қысқа мерзімде жұмыс істеуін қамта­масыз ете аламыз», – деді Премьер-Министр сөз қорытын­ды­сын­да. Сонымен бірге, Үкімет бас­шы­сы «Ел­басының жүктеген тап­сырмасын түгелі­мен қамтып, бағ­дарлама  қа­был­дадық. Ал ондай бағдарламаның жедел жүзеге асуы басты қаржы құ­жатына тәуел­ді. Пар­ла­менттің қа­был­­дауы­на орай, атқару­шы билік наурыз айынан бастап-ақ барлық қол­даныстағы бағдарламаларды жү­зеге асыруға ниетті», – деді. Өз сөзінде партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығ­ма­тулин: «Бүгінгі мемлекеттік бюджетке енгізіліп отырған өзгерістер Ел­басымыз, партия­мыз­дың Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың биылғы Жолдауында, партиямыздың XIII съезінде айтылған жаңа мақсаттар­ды жүзеге асыруға, басталған істі одан әрі жалғастыруға, басқа да бағдарла­ма­ларды орындауға зор мүмкіндік беретін болады. Оның ішінде білім беру, ден­сау­лық сақтау, тұрғын үй, ауыл шаруа­шы­лығы, шағын және орта бизнесті дамыту, жастар саясаты сияқты басқа да халыққа қажетті мәселелер толықтай қаралды деу­ге болады», – деді. Жиында Ұлттық банк төр­ағасы         Г.Мар­ченко, Қаржы министрі Б.Жә­мі­шев, Еңбек және ха­лықты әлеу­мет­тік қорғау министрі Г.Әбдіқалықова, Құры­лыс және тұрғын үй-ком­му­налдық ша­руашы­лық істері агент­ті­гінің төрағасы С.Нокин,  «ҚазАгро» Ұлттық басқару­шы холдингі»  АҚ  басқарма   төрағасы А.Ма­мыт­беков баян­дама жасады. Басқосуда Мәжілістегі Әлеу­меттік-мәдени даму комитетінің төрайымы Динар Нөкетаева, Қар­жы және бюджет ко­митетінің мү­шесі Құттықожа Ыдыры­сов, Эко­логия мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Виктор Киянский,  Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Светлана Верхо  өз ойларын ортаға салды. Жиналыстың қорытындылары бой­ын­ша, «Нұр Отан» ХДП фрак­циясының республикалық бюджетке енгізіп отыр­ған нақ­ты­лаулары жайында  шешім қабыл­данды. Отырысқа «Нұр Отан» ХДП Мәжі­лістегі фрак­циясының төрағасы Орал Мұхамеджанов, Парламент депу­татта­ры, Үкімет мүшелері, Президент Әкім­шілігі мен Премьер-Министр Кеңсесі­нің өкіл­дері, бірқатар мемлекеттік органдар­дың басшылары қатысты.