• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
18 Ақпан, 2011

Араб тілінде жарыққа шықты

420 рет
көрсетілді

Сауд Арабиясы Корольдігінде Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Бо­­лашақтың іргесін бірге қалай­мыз» атты халыққа Жолдауы араб тілінде жарыққа шықты. Эр-Рияд­тағы Қа­зақстан Елшілігінің басып шы­ғар­ған аталмыш бро­шю­расы алдың­ғы қатарлы араб елдерінің ресми, ғылыми және іскер топ өкілдеріне еліміздің бо­лашаққа арналған сырт­қы және ішкі саяси бағыт­та­рымен таны­суға мүмкіндік береді. Саудиядағы Қазақстан елшісі Қайрат Лама Шариф Сауд Ара­биясы, Кувейт және Бахрейн ми­нистрлерінің, парламенттері де­пу­­таттарының, бұқаралық ақ­па­рат құралдарының бас редак­тор­лары мен сараптамалық орталық басшыларының атына брошюрамен бірге жолдаған ілеспе ха­тында: «Президентті халық сай­лағандығын және Елбасының ха­лыққа Жолдауы қазіргі түйткіл мәселелерді көрсетіп қана қой­май, сонымен қатар олардың стра­тегиялық шешілу жолдарын айқындап берді», деп атап көр­сеткен. Өйткені, мемлекеттік сая­саттың өзі Президент қойған міндеттерді жүзеге асыру аясында атқарылуда. Елбасының Жолдау­ын­да, ең бастысы, мемлекет пен қоғамның қысқа және ұзақ мерзімге арналған жалпылама даму тұжырымдамасы белгіленген. Елші өз құзыреті аясында араб елдерінің жоғары лауа­зым­ды тұлғаларымен болған дипло­ма­тиялық хат алмасуында Қа­зақ­станның Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалығы үстіміздегі жылғы еліміздің сыртқы саяса­ты­ның басты бағыттарының бірі болатынын атап өткен. Еліміздің беделді халықаралық мұсылман ұйымына төрағалығы Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерей­тойымен тұспа-тұс келіп отыр. «Егемен-ақпарат».