Қазақстан – жаһандық ядроға қарсы ықпалды дипломатияның үлгісі болып табылады. Ядролық қару қауіпсіздік құралы саналып тұрған уақытта, әсіресе, қазіргі әлемдегі тұрақсыздық кезінде ядролық соғыстың адамзатқа қатерлі зардап әкелетіндігін түсінген, оның азаматтық қорғаныс немесе адами құндылықтарды қорғаудағы фактор емес деген қағидатты ұстанған Қазақстан нақты дипломатиялық іс-қимыл жасауда.
Бұл ретте, Президент Н.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесі – ядролық қарусыз әлем құруға арналған бірден-бір құжат. Бұл құжат Қазақстан Президентінің көрегендігін, оның жаңа әлемдік болмыстағы қырағылығын көрсетеді. Біз бұл манифесті осы үлгіге сүйенетін елдерге арналған бағдарламаларға айналдыруымыз қажет.
Сонымен бірге, Қазақстан үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болу және Президент Н.Назарбаев алға қойған ядролық қаруды таратпау режімін мемлекет ішінде, аймақтық және жаһандық деңгейде нығайту жөніндегі міндеттерді ілгерілету өте маңызды. Қазақстанның көпжақты дипломатиясы ядролық қарусыз әлем құру мақсатында өзінің барлық күш-жігерін жұмсауы қажет. Бұл Қазақстанға ғана қатысты емес, өзге елдерге де міндет.
Джозеф МИФСУД,
Лондон дипломатиялық академиясының директоры