• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығы №926

282 рет
көрсетілді

2015 жылғы 16 қараша, Астана қаласы Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 12-бабы 1-тармағының 36) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 236 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 11 маусымда № 9502 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы  17 маусымда, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 23 шілдедегі №141 (28365) болып жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды; 5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К.Божкоға жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ.ҚАСЫМОВ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 926 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарына қойылатын біліктілік талаптары 1. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтары (бұдан әрі - Мамандандырылған оқу орталықтары) «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы №48 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10382 болып тіркелген) бекітілген бағдарлама бойынша мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер мамандарының бастапқы даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша арнайы даярлық пен оқу курсын қамтамасыз етеді. 2. Мамандандырылған оқу орталықтарына мынадай біліктілік талаптары қойылады: 1) оқу жұмыс жоспарларының болуы; 2) штаттағы оқытушылардың «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша орта техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімінің болуы, өртке қарсы қызмет бөліністерінде басшы лауазымда практикалық жұмыс өтілі бес жылдан кем емес болуы; 3) интернет желісіне қосылған компьютерлермен, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сай келетін оқу кабинеттерімен, оқытудың техникалық құралдарымен, макеттермен және тренажерлармен, оқулықтармен, оқу құралдарымен және оқу-әдістемелік материалдармен жарақталуы; 4) білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі материалдық және материалдық емес активтердің (өрт сөндіру техникасы, жаттығу-машықтану мұнарасы, жылу-түтін камерасы, психологиялық дайындық жолағы) болуы; 5) оқу әдебиетін, оқу міндеттері мен тапсырмаларын, бейнефильмдердің тақырыптық жиынтықтарын, оқу-көрнекі құралдарын, бақылау карточкаларын, оқыту бағдарламаларын, емтихан билеттерінің жиынтықтарын, практикалық тапсырмалар сипаттамаларын және басқа да оқу-әдістемелік материалдарды  қамтитын оқу-әдістемелік материалдардың қорының болуы. 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің едәуір даярланған қызметкерлері немесе тиісті біліктілігі бар басқа мамандар сабақ өткізуге тартылуы мүмкін. 4. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер мамандарын арнайы даярлау және оқыту курстары күзетілетін объектінің өндiрiстiк қызмет ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 23 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12478 болып енгізілді.