• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
19 Ақпан, 2011

Жазылса деп жер жарасы

502 рет
көрсетілді

Ел мұраты – тәуелсіздік. Биыл қазақ елінің бабалар аңсап, күрескен, ұрпағына аманат қыл­ған азаттыққа қолы жеткеніне 20 жыл толып отыр десем, 1989 жы­лы көрнекті ақын, қоғам қай­рат­кері Олжас Сүлейменов бастаған Семей елі атом полигонын жабу жөнінде бастама көтерсе, 1991 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Семей сынақ полигонын өз Жарлығымен жапқаны енді тарихтың еншісіне айналды. Бұл Мемлекет басшысының туған елі үшін жасаған игі істерінің алтын басы болып табылса керек. Бұдан кейінгі кезеңде атом по­лигонының зардабын жою мақ­сатында «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қоры құрылған бола­тын. Бұл академик Рымғали Нұр­ғали тәрізді жанашырлар баста­ған ел перзенттерінің ортақ идея­сы болғаны анық. Қоғамдық қор жетекшісі, «Ақшың» корпора­ция­сының президенті, Семей қа­ла­лық мәслихатының депутаты Марат Құрманбай десек, бұл азамат Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даламызға азапты қасірет әкелген оқиға ешуақытта қайта­лан­бауы тиіс» деген сөзі жазыл­ған биіктігі 15 метрлік монумент пен Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған, «Ұлы Отан соғысына аттанған абыралылықтар» атты 1500 ардагердің аты-жөні жазыл­ған тақта тасты Қайнар ауылына қойғызды. Мұның бәрі жас ұр­пақ­тың отансүйгіштігін шыңдап, ұлттық болмысын сақтауы үшін жасалатын ұлағаты зор шаралар екені анық. Әрдайым халыққа керек дүниелерден тартынбайтын Марат Құрманбай меценаттық қайраткерлігімен де озып тұр, оның Шәкәрім ақынның 150 жыл­дық мерейтойына арнайы 5 том­дық шығармалар жинағын 1000 данамен (тұтастай алғанда 5000 дана) өз қаржысына бастырып шығарғанын айтсақ та жетіп жатыр. Артынан бұл ізгі іс жал­ғасын тауып, мемлекет тарапы­нан қолдау тауып, Шәкәрім мұ­ра­сы «Раритет» баспасынан әр томы 3000 данамен жарық көргені ерекше сүйінішті. Жуырда «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қоры атынан ел ама­натын арқалай келген бір топ аза­маттар Астанаға келіп қайт­ты. Болатбек Нәсенов, Өміржан Жақып, Лазар Ақбаров, Құмар Мұ­қашев, Мақсұт Қосжанов жә­не «Абай» қорының директоры Балтабек Ерсәлімов бастаған осы топ Семей полигонының тоқтатылғанына 20 жыл толу мерекесіне жұрт назарын ау­дар­ды. Әуелі Л.Н.Гумилев атын­дағы Ұлттық университет қа­быр­ғасында, Рымғали Нұрға­ли­ға арналған ғылыми конференциядан басталған кездесулер Пре­зиденттік мәдениет орталы­ғына жалғасты. Семей жерінің бағзы жарасы жазылатын, ұр­пағы алаң болмайтын шуақты өмірдің кепілі осы тектес аза­маттық қағидалардың сақ­талуынан туады. Айгүл КЕМЕЛБАЕВА.