Жарылғыш зат Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ілбішін елді мекенінен табылды. Жергілікті тұрғындардың бірі үйіне су өткізбекші болып, қазу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде жер астынан Азамат соғысынан қалған снаряд шықты.
Мәліметтерге сәйкес, снарядтың ұзындығы – 32 см, диаметрі – 76 мм. Қазіргі сәтте арнайы мамандардың қатысуымен, қауіпсіздік шаралары қолданыла отырып, жойылды.
Батыс Қазақстан облысы аумағында Ұлы Отан және Азамат соғысы кезінен қалған бірнеше снаряд табылған болатын.
Осы жылдың мамыр айының соңына таман Жәнібек ауданының тұрғындары Ұлы Отан соғысынан қалған жарылғыш зат тауып алды. Жыра елді мекеніне канал суын жіберетін арнасына жөндеу жұмысын жүргізіп жатқанда, əуе бомбасына ұқсас зат қазып алынды. Оның салмағы шамамен 50 кило, ұзындығы – 89 сантиметр, диаметрі – 15 сантиметр.
Жəнібек ауданынан 2008 жылы да əуе бомбасы табылып, оны Ақтөбе қаласынан шақырылған арнайы мамандар залалсыздандырған болатын.
Аян ӘБДУӘЛИ