Бүгін Қырғызстанның Ыстықкөл облысында сөреден шыққалы тұрған Көшпелілердің екінші бүкіләлемдік ойындарындағы екі сайыс бойынша іріктеу жарыстары басталып кетті.
Ойынды көрушілер бағдарламаға сәйкес, таяк тартыш (мас-рестлинг) пен тогуз коргоол (тоғызқұмалақ) сайыстарын тамашалауға кірісті.
Чолпон-Атадағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінде таяк тартыш жарысының іріктеу сынағы басталды. Оған Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Армения, Украина, Швеция, АҚШ, Германия, Мажарстан, Бенин, Грузия, Иран, Бразилия, Уругвай, Польша, Үндістан, Литва, Норвегия, Чехия, Мадагаскар, Моңғолия, Пәкістан, Әзербайжан, Шри-Ланка елдерінің спортшылары қатысуда.
Жарыс ерлер және әйелдер арасында салмақ дәрежелері бойынша өтеді.
Ал Ойындардың ашылу салтанаты енді басталады.
Дамир ҚОЖАМҚҰЛ
3 қыркүйек күнгі спорт бағдарламасы
9.00 – 18.00 Мас-рестлинг. Денешынықтыру-сауықтыру кешені. Чолпон-Ата қаласы
10.00 – 12.00 Мангала. «Аврора» пансионаты
10.00 – 12.00 Тогуз коргоол. «Аврора» пансионаты