• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
03 Қыркүйек, 2016

Көшпелілер ойындары ашылуы шеруден басталды (фото)

440 рет
көрсетілді

Қырғызстанның Ыстықкөл облысының орталығы – Чолпон-Ата қаласының ипподромында бүгін кешке басталған Көшпелілердің бүкіләлемдік екінші ойындарының салтанатты ашылуы оған қатысушы елдер спортшыларының шеруінен арна тартты. Шеруді америкалық белгілі актер, Ойындардың құрметті қонағы Стивен Сигал ашты. Ойындарға әлемнің 62 елінен 1 мыңға жуық спортшы қатысады. Ашылу салтанаты барысында мың қомызшы «Маш ботой» күйін орындады. Соңғы сәтте Өзбекстан құрамасының Ойындарға қатыспайтыны белгілі болды. Бүгін таңертең мұнда таяк тартыш (мас-рестлинг) пен тогуз коргоол (тоғызқұмалақ) бойынша іріктеу турнирі басталып кетті. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ