Жетімін желеп-жебеген халқымызда бір әдемі дәстүр бар. Сол үлгіні Білім және ғылым министрлігіне қарасты Бурабай бауырындағы республикалық «Балдәурен» балалар кешені жалғастырып келеді. Онда жыл бойы жүздеген ұл мен қыз бірнеше ауысымда дем алады. Қазір Отанымызда 5 миллионнан астам бала бар десек, оның 12 мыңы балалар үйі мен интернаттарда өмір сүріп жатыр.
Жақында осы кешенге демалуға келген 286 баланың 161-і балалар үйінің тәрбиеленушілері екен. Соларды жылы қарсы алған ұжым қызметкерлері бір күндік жалақыларын бөліп, көңілі жарым ұл-қызды қуантты. Яғни, 400 мың теңгеге қажетті киім-кешектерін, оқу құралдарын алып әрқайсысының қолына ұстатты. Олардың қуанғаны сондай тіпті, кейбіреулері осы игілікті іске ұйытқы болған, қамқорлық танытқан кешен басшысы М.Төлепбаевқа ризалықтарын білдіріп, өнерлерін ортаға салды.
Жаңылсын НҰРҒАЛИЕВА, әдіскер.