Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Қытайдағы G20 саммиті кезінде Жапония үкіметінің басшысы Синдзо Абэмен кездесті деп хабарлайды Ақорда.
Келіссөз барысында тараптар сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды нығайту перспективалары тәрізді екіжақты өзара іс-қимылдың басты бағыттарын талқылады. Сондай-ақ, екі елдің көшбасшылары халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер жөнінде пікір алмасты.
С.Абэ еліміздің ядролық қарусыздану ісіндегі маңызды еңбегін ескере отырып, Нұрсұлтан Назарбаевты алдағы сапары барысында Нагасакиге келуге шақырды.