• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
06 Қыркүйек, 2016

Басқа басылымдардан

274 рет
көрсетілді

Жаңа инновациялық даму жолы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің баспасөз мәслихатында айтқан «G20 саммиті табысты өтті. Соңғы екі күнде жаһандық басқару саясатын күшейту, сауда мен қаржы жүйесін дамыту жөнінде пікірталастар болды. Саммит қорытындысы бойынша қабылданған коммюнике бағдарды белгілеп, мақсатты айқындады» деген сөзін келтірген. «Біз әлемдік экономиканың жаңа инновациялық даму жолы жөнінде уағдаластық. Фискалдық және монетарлық саясатқа негізделген ескі жолдан айырмасы, бізге өсімді инновация арқылы ынталандыру қажет», деді ҚХР Төрағасы. Ақпарат агенттігі сондай-ақ саммитке қатысушылар әлемдік экономика мен қаржыны басқару ісін жақсарту мәселелері бо­йынша бір мәмілеге қол жеткізгеніне назар аударып, «Біз әлемдік шаруашылықтың орнықтылығын арттыру үшін жаһандық экономика мен қаржыны басқару ісін жақсарту туралы шешім қабылдадық. Квоталар реформасын және халықаралық қаржы институттарындағы дауыстар бөлінісін ілгерілетуге шешім қабылдадық. Халықаралық валюта қоры реформалар жоспарын кестеге сәйкес орындау мақсатында жұмыс істейтініне сенім білдірдік», – деген Си Цзиньпиннің сөзіне сілтеме жасаған. Қазақстан Президентінен үлгі алу керек «Қазақстан «Үлкен жиырмалық» құрамына кірмейді, бірақ Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин тарапынан «екі елдің ынтымақтастық деңгейі жоғары болуы себепті» саммитке шақырылды», – деп жазады портал. Аталған портал, сондай-ақ, Жоғарғы Раданың депутаты Олег Ляшконың Фейсбуктегі жазбасына сілтеме жасай отырып, оның «Украина билігі Қазақстан Президентінен үлгі алуы тиіс» деген сөзін де келтіре кеткен. Тарихи  бетбұрысты кезең Өз елінде әлемдік 20 ірі державаның басшыларын қабылдаған Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин жиналғандарға жаһандық экономика тарихи бетбұрысты кезеңде тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлады ВВС-дің Орыс қызметі. Осы жолғы саммиттің экономикалық мән-маңызына баса назар аударған аталған ақпарат құралы Қытай көшбасшысының «сұраныс құлдырап, сауда мен инвестиция ағыны бәсеңдеуі себепті нарықтар тұрақсыз болған кезеңде «бос сөздерден» қашқан жөн» деген мәлімдемесін алға тартқан. G20 саммитінде жалпы экономикалық проблемалармен қатар болат өндіру индустриясындағы дағдарыс, Британияның Еуропалық одақтан шығуы, сондай-ақ, трансұлттық корпорацияларға салық салуға қатысты мәселелер талқыланды.