Жақында Астанада «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев Коста-Рика Сыртқы істер министрі Мануэль Гонсалес Санс бастаған осы ел делегациясымен кездесті.
Кездесу барысында, тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерімен қатар, Коста-Риканың ЭКСПО-2017-ге қатысуы мәселелерін талқылады.
Коста-Рика сыртқы саясат ведомствосының басшысы өз елі Үкіметінің Астанадағы халықаралық көрмеге қатысуға шешім қабылдағанын хабарлады.
Ал көрме комиссары Р.Жошыбаев ЭКСПО-2017 баламалы энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін жақсы тұғырнама қалайтынын атап өтті.
Осылайша, «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме комиссары хатшылығының ақпаратына сүйенсек, Коста-Рика ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын ресми түрде қуаттаған 98-ші ел болып отыр. Бұдан бөлек, бүгінгі күнге дейін көрмеге өздерінің қатысатындықтарын 17 халықаралық ұйым қуаттаған.
«Егемен-ақпарат»