• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
06 Қыркүйек, 2016

Хоккейшілер жолдан шығып қалды

182 рет
көрсетілді

Қазақстанның хоккейден құра­ма­сы соңғы күндері 2018 жылы өтетін қыс­қы Олимпиялық ойын­дардың ірік­теу турнирінде үш кездесу өт­кіз­ді. Нәти­жесінде команданың Олим­пиа­даға бара алмайтыны белгілі болды. Біз осы циклда қазақстандық хоккей­шілердің Ослода өткен бірінші ойынында Норвегияны овертаймда 3:2 етіп ұтқанын, содан кейін француз құрамасынан 1:4 болып ұтылып қалғанын хабарлаған болатынбыз. Олар соңғы, үшінші матчты Италия құрамасымен өткізіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Кез­десуде бізден Максим Худяков (9-ми­нут), Брэндон Боченски (29) және Ро­ман Старченко (57) шайба салса, ита­лиялықтардан Джулио Сканделло (7) мен Томмазо Траверса (38) мерген­діктерімен көзге түсті. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы үшінші орынды місе тұтты. Сөйтіп, олим­пиялық үміт жанбай қалды. Мұрат АЙТҚОЖА