• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Қыркүйек, 2016

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 мектеп

265 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысы адам ресурсына бай аймақ. Жыл сайын мектеп табалдырығын 70 мыңнан астам бүлдіршін аттайды. Осыған орай мемлекет тарапынан жаңа білім ошақтарын салуға ерекше мән беріледі. Биылғы жаңа оқу жылында облыста еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 25 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Жыл сайын жиырмадан астам мектептер пайдалануға берілсе де адамға бай Оңтүстікте үш ауысымды мектептер әлі бар. Сондықтан, 7 мектеп үш ауысымды мектептердің санын азайтса, 6 оқу орны ыңғайластырылған ғимараттардың орнын ауыстырды. Ал қалған мектептер оқу орны жоқ ауылдардан ашылды. Еңбектің ең үлкені – білім. Жаһандану барысында біз білім сапасына ерекше көңіл бөлуіміз керек. Сонда ғана бәсекеге қабілетті ел боламыз. Биыл 73 мыңнан аса бірінші сынып оқушылары алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, төрт мыңға жуық балаға көбейген. «Ынтымақ» шағын ауылындағы жаңа мектеп 900 орындық. Үш қабатты білім ошағында жиырма тоғыз оқу кабинеті, лабораториялық орталықтар мен оқу, мәжіліс залы және кітапханасы бар. Бұған қоса айтарымыз, жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстанда 67 білім нысанының құрылысы жүргізілсе, бүгінге дейін соның 34 мектебі мен 4 балабақшасы ел игілігіне берілді. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан» Оңтүстік Қазақстан облысы