• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Қыркүйек, 2016

Жетісуда жаңа мектептер ашылды

317 рет
көрсетілді

1 қыркүйек – Білім күні Алматы облысында «Нұрлы жол» бағдарламасымен жаңадан салынған үш мектеп – Іле, Еңбекшіқазақ және Көксу аудандарында ашылды. Іле ауданы, Боралдай кентінде орналасқан 600 орындық жаңа үлгідегі мектеп осы ауылдағы үш ауысымда оқытуды жоюға мүмкіндік туғызды. Бұл мектептің құрылысына Ұлттық қор мен жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1623,9 млн теңге жұмсалды. Сондай-ақ үш ауысымды ескі мектептің орнына бой көтерген 300 орындық тағы бір жаңа мектеп Еңбекшіқазақ ауданы, Азат ауылында ашылды. Нысанның жалпы құны – 778,1 млн теңге. Мектеп Ұлттық қор мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылды. Ал Көксу ауданы, Жамбыл ауылында ашылған жаңа мектепте 120 оқушы білім алады. Білім ордасы жергілікті бюджет қаражатына салынған. Жалпы құны – 438, 4 млн теңге. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ