Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданындағы Тұрбат ауылы мен Қызылдиқан ауылы арасындағы Тастақсай өзені үстінен көпір салынды.
Бұрын үш мыңға жуық тұрғындар тау өзені үстінен өткел салып амалдап жүрген еді. Өте қауіпті болатын.
Ұзындығы – алпыс алты, ені – сегіз метр болатын көпір облыс әкімдігінің бюджетінен қаржыландырылды.
Бақтияр ТАЙЖАН