Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұлға түркістандық ағайындар темір тұлпар тарту етті.
Түркістан қаласындағы Есімхан алаңында Жазирадан бөлек, осы өңірдің тумасы, талантты балуан Дидар Хамзаға да құрмет көрсетілді.
Алаңда сөз сөйлеген Жазира спорттың ел намысы екендігін айтып, қаладағы «Ә.Нұрмаханов атындағы облыстық олимпиада резервін дайындайтын спорт мектебінен» ашылған ауыр атлетика секциясына қатысуға шақырды. Қазақ қыздарынан алғаш рет Олимпиада ойындарында олжа салған даңқты қыз үмітін Токио олимпиадасына артып отырғанын да жеткізді.
Бақтияр ТАЙЖАН