• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Қыркүйек, 2016

Сотталғандар туыстарымен Skype арқылы сөйлеседі

290 рет
көрсетілді

Елімізде сотталған азаматтар енді Skype арқылы сөйлесе алатын болды. Бұл туралы Астанада Ішкі істер министрінің орынбасары Рәшид Жақыпов мәлім етті. Бұл қамаудағы азаматтардың жанұясымен үзбей тілдесіп тұруы, хат-хабар алмасуы үшін ең тиімді тәсілдің бірі. Қазіргі уақытта министрлік жобаның бірнеше нұсқасын қарастыруда. – Кездесуге тек екі адамнан ғана келеді, ал мұнда барлық отбасымен көрісуге мүмкіндік бар. Еш шығын болмайды – дейді вице-министр. – Қазіргі таңда тиімді технологияларды пайдаланып, заңға өзгерістер енгізу қажет. Меніңше, бейнеконференция – әлеуметтік байланыстан ажырамаудың өте тиімді жолы. Айман МҰҚЫШЕВА