• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
07 Қыркүйек, 2016

Ақпарат саясатының басымдықтарын белгіледі

241 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Мем­ле­кет басшысы тиімді ақпарат­тық саясат жүргізудің, елдегі медиа кеңістіктің қауіпсіз­дігін қамтамасыз етудің маңыз­дылығын атап өтті. – Жаңадан құрылған министрліктің маңызы зор. Бүгінде басты міндеттердің бірі – ақпарат кеңістігіндегі түр­лі сын-қатерлерге тиімді қарсы тұра білу. Сонымен қатар, халық арасында эконо­микалық өсімді және тұрғын­дардың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ету бағытында мемлекет қабылдап отырған шаралар туралы түсіндіру жұмысын тиісті деңгейде жүргізу қажет, – деді Қазақстан Президенті. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан На­зар­баев мемлекеттік БАҚ-тар­­дың басшылық құрамын қа­лып­тастыру ісіне мұқият болу қа­жеттігіне назар аударды. – Жоғары талаптарға сай келетін, шетел тілдерін мең­гер­ген және ақпарат кеңісті­гінің басты үрдістеріне сапалы талдау жасай алатын адам­дарды таңдау керек. Жал­­пы, мемлекеттік ақпарат сая­сатының мәселелері ме­нің бас­ты назарымда. Ми­нистрліктің қызметіне тікелей өзім және Президент Әкімшілігінің Бас­шысы бақылау жасайды. Басқалардың араласуына жол берілмейді, – деді Мемлекет басшысы. Ақпарат және коммуника­циялар министрі БАҚ жұмы­сы­ның тиімділігін арттыру, сон­дай-ақ «бір терезе» қағи­даты бойынша халыққа мем­л­е­кет­тік қызметтер көрсету ісін іл­герілету жөнінде қабыл­данып отырған шаралар туралы баяндады. Сондай-ақ, Д.Абаев Қазақ­стан Президентін телекоммуни­кация саласының қызмет ету сапасын арттырудағы ми­нис­трліктің қызметі, соның ішін­де «Сандық Қазақстан» бағ­дарламасын әзірлеу жұмысы туралы хабардар етті.