• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
07 Қыркүйек, 2016

Еліміздің оң имиджін қалыптастыратын қадам

507 рет
көрсетілді

Жақында Қытайдың Ханчжоу қаласында әлемнің ықпалды 19 елі мен Еуропалық Одақты біріктірген он бірінші G20 саммиті өткен болатын. Көшбасшы елдер басшыларының әлемдік экономика мен саясат мәселелерін талқылайтын маңызды шараға шақырылған санаулы елдің қатарында Қазақстанның болуы оның халықаралық дәрежедегі жоғары мәртебесін көрсетеді. Осыдан үш жыл бұрын Ресейде өткен G20 саммитіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет қаты­са отырып, әлемдік дамуға қатыс­ты өзінің бірнеше ұсынысын берген болатын. Қазақстан Прези­денті Ханчжоудағы саммитте де жиын­ның күрделі кезеңде өтіп отырға­нын айта келіп, соған орай әлемдік экономиканың жаңғырту бағытын­дағы жаңаша ойларын білдірді. Шетелдік сарапшылар арасында Елбасы ұсынған жаһандық деңгейдегі экономикалық және қаржылық қатынастарды реттеуде Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік кеңесін Жаһандық даму кеңесіне айналдыру қажеттілігі тұжырымдамасы қызу талқыланып жатыр. Бұл шын мәнісінде, еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылымын жаңғыртуға бағытталған батыл ұсынымы деп айтуға болады. Ол жүзеге асырылған жағдайда БҰҰ жаһандық экономиканы басқарушы ретінде әлемдік экономикалық және әлеуметтік үдерістер теңгерімін толықтай бақылай алады. Өз сөзінде Мемлекет басшысы әлемдік экономиканы жандандыруға бағытталған шара ретінде жаңа индустриялық революцияға, сандық экономика мен инновацияға сенім артуға шақырды. Бұл міндетті тек қана инклюзивтілік принциптері арқылы жүзеге асырылу қажеттілігі мәлім болып, G20 мен дамушы мем­лекеттер арасындағы үнқатысу орталығын анықтап алу мүмкіндіктері одан әрі дәйектеле түсті. Дамушы елдер­дің үнін есту және пікір алма­сулар үшін Елбасы осыдан бес жыл бұрын G-global жобасын қалыптастырған еді. Сондықтан «Эво­люция, революция емес», «Әділет­тік, теңдік және консенсус», «Жаһан­дық толеранттылық және сенім», «Жа­һандық толеранттылық», «Конструк­­тивті көпполярлық» қағида­ларын ұстанған ақпараттық-коммуни­ка­тивтік алаңды бір нұсқа ретінде қа­рас­тыру ұсынысы орынды деп ойлай­мыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың болашақ ұрпақ алдындағы жауап­кер­шілікті ұстанымы бүгінде әлем­дік қоғамдастық назарындағы Ядро­лық қауіпсіздік жөніндегі IV саммит­те жарияланған манифесі арқылы кеңінен мәлім. Шетелдік сарап­шылар жоғары баға берген Елбасы манифесінде ұсынылған тұжырым­дама­лар әлем халықтарының жаңа жаһандық қақтығыстардан, әсіресе, туындауы мүмкін ядролық апаттарды бол­дырмау сенімін туындата білді. Елбасы ядролық және жаппай қырып-жоюға арналған өзге де қару түр­лерінен азат әлем қалыптастыру ұсы­нысын білдіре отырып, терроризмді толық жеңу үшін G20-ның барлық мүшелері мен басқа да мүдделі елдердің бірлесе күш жұмылдыруы бастамасын көтерді. Ендеше, «Үлкен жиырмалық» саммитіндегі Қазақстанның бас­тамалары мен ұсыныстары ұлты­мыздың халықаралық аренадағы жаңа және оң имиджін қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз. Экономикалық және әлеуметтік жаңғыртуларды көздейтін Елбасы ұсыныстары саммиттің тарихи бастамаларына айналатындығына да сеніміміз мол. Өйткені, Елбасы гуманизм идеялары мен әлемдегі өзара келісімді наси­хаттайды. Мұрат НАСИМОВ, саяси ғылымдар кандидаты, «Болашақ» университеті ректорының міндетін атқарушы ҚЫЗЫЛОРДА