• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Қыркүйек, 2016

Қатысу шартына қол қойды

298 рет
көрсетілді

Жақында «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаевтың Латвия Республикасына сапары болып өтті. Сапар шеңберінде оның Латвия Көлік министрі Улдис Аугулиспен, Латвия Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы, елдің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы үшін жауапты ұлттық секция комиссары Янис Эндзиньшпен, сондай-ақ, Латвия іскер топтарының және БАҚ-тың өкілдерімен кездесулері болды. Кездесу барысында Р.Жошы­баев пен Я.Эндзиньш екі ел ара­сын­дағы екіжақты өзара іс-қимыл­дың қазіргі жағдайы мен перспек­тиваларын, Латвия үкіметі мен жергілікті компаниялардың ЭКСПО-2017-ге «жасыл» технологиялар саласында қатысу шарттарын талқылады. Астанадағы көрменің тақыры­бын ескере келе, Я.Энд­зиньш Лат­вияның 2020 жылға қарай әлемдегі ең «жасыл» ел атануға ұмтылып отыр­ғанын хабарлады. Латвияда жаңғыр­тылмалы энергия көздерінің үлесі ақырғы тұтыну үдерісінде 37,1 пайызды құрап, Еуропалық одақта Швециядан кейінгі (52,1 пайыз) ең жоғары екінші орын болып табылады. Латвияға ЕО-ның климаттың өзгеруімен күрес саласындағы мақсаттарға қол жет­кізу бойынша бағдарламасы шең­берінде 755 млн еуро бөлінген еді. Латвия тарапы елдің гео­гра­фиялық орналасуының басым­дығы мен Латвия кәсіпорын­дарының «жасыл» энергетика саласындағы перспективалы жобаларының артықшылықтарын атап көрсетеді. Осыған орай Латвия павильоны «Кездесу орны – Латвия: біздің табиғатымыздағы энергия» деп аталатын болады. Сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының сөзіне қара­ғанда, Латвия Көрмелердің халық­аралық бюросының мүшесі болып табылмайды және ЭКСПО көрмелеріне бірнеше рет қана қатысқан. Ал Астанадағы көрме­ге қатысуға келісім беруін Лат­вияның Қазақстанға қатысты жоға­ры қызығушылығы мен ерекше достық қарым-қатына­сын білдіреді. Латвия Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың «Жасыл көпір» бастамасын мақұлдап, осы бағ­дарлама шеңберінде Әріптес­тік хартиясына қол қойған алғашқы елдердің бірі болып табылады. Кездесу қорытындысы бойынша Р.Жошыбаев пен Я.Эндзиньш Латвияның ЭКСПО-2017-ге қа­тысатыны туралы шартқа қол қойды. «Егемен-ақпарат»