• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Ақпан, 2011

Бірінші отырысын өткізді

351 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының президентін сайлауда Елбасымыз,  «Нұр Отан» партиясының Төр­ағасы Нұрсұл­тан Назарбаевты қолдау бойынша облыстық сай­лауалды қоғамдық штабы құрылды. Құрамына саяси партиялар мен үкіметтік емес ұй­ым­дардың басшылары, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, этномәдени және жастар қоғам­дық бірлестіктерінің өкілдері кіретін штабтың төрағасы – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Жамбыл облыстық фи­лиалы төрағасының бірінші орын­басары Масат Берік . Штабтың алғашқы отыры­сын­да М.Берік ел тарихында алар өзіндік орны бар саяси науқанның мән-мазмұнымен және штабтың алға қойып отырған мақсат-мүд­де­лерімен кеңінен таныстырып өтті. Қолданыстағы заңға сәйкес, сайлау өткізілетін мерзімнен бір ай бұрын, немесе 3 наурыздан бас­тап сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізгенге дейін штаб мүшелері ұйымдастыру жұ­мыстарымен айналысады. Штаб алдымен нақты іс-жоспарды бекітіп алуды көздеп отыр. Облыстық сайлауалды қоғам­дық штабы – «Нұр Отан» ХДП Жамбыл облыстық филиалы ғимаратына орналасты. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Тараз.