Оңтүстікте тұрғындардың саны көп, жұмыс орны аз сияқты көрінгенімен, білікті мамандарға тапшылық сезіледі. Әкімдік карта сапырғандай бір-бірін ауыстырып, шала бүлініп жататын.
Сондықтан, жастар арасындағы бәсекелестікті арттыру, сапалы маман даярлау мақсатында «Алтын қор» кадрлық резерві жасақталған.
Жақында қор түлектерінің бірі Арман Мұсаев облыстық құрылыс басқармасының экономика, жоспарлау және талдау бөліміне жетекші маман болып тағайындалды.
Жалпы, «Алтын қор» кадрлар резерві облыста 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінде оған жетпіс жас мүше болса, жыл соңына дейін барлығы жұмыс алатынына кепілдік бар.
Өйткені, облыс бойынша 500-ден астам мемлекеттік әкімшілік лауазымдық орындар бос.
Яғни, мемлекеттік қызметке төрт құбылаң сай келсе, ешқандай кедергі жоқ. Бүгінде білімділер озып тұр.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы