• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
10 Қыркүйек, 2016

Бүгіннен бастап Казспорт 5 есе тұнық көрсетеді

575 рет
көрсетілді

  Kazsport телеарнасы бүгін HD форматына көшті. Яғни оның реңі бұрынғыдан 5 есе тұнық әрі анық бола түсті. Бұл жөнінде бүгін Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің Фейсбуктегі аккаунты арқылы хабарлады. "Құрметті достар! Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Kazsport» телеарнасын HD форматына көшіруді сәтті аяқтады. Осылайша, отандық телевизияның хабар таратуын жоғары сапаға көшіруге алғашқы қадам жасалып отыр. Атап айту керек, жаңа форматты әзірше «ОТАУ ТВ» операторының 4 миллиондық аудиториясы пайдаланады. Енді, еліміздің басты спорт телеарнасының көрінісі 5 есеге артады. Ал, «Kazsport» «ОТАУ ТВ»-ның тегін пакетіне қосылады. Біз барлық тест жұмыстарын мақсатты түрде 10 қыркүйек қарсаңында аяқтап отырмыз. Себебі, бүгін барша еліміз даңқты жерлесіміз Геннадий Головкиннің Келл Брукпен жекпе-жегін асыға күтуде. Осы айтулы спорт кешін Сіздер енді мүлде жаңа сапада көресіздер. Ел мерейін асырған жерлесімізге жеңіс тілеймін!" деп жазды Дәурен Абаев.