• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Қыркүйек, 2016

«Жерұйық мекен – Жетісу»

553 рет
көрсетілді

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Алматы облысының күндерінің аясында «Жерұйық мекен – Жетісу» атты кітап көрмесі ашылды. Жетісу – қайталанбас тұлғалар Сүйінбай мен Жамбыл, Үмбетәлі, сондай-ақ, біртуар ғалым Шоқан Уәлиханов, дарабоз ақын-жазушылар Ілияс Жансүгіров пен Әнуар Әлімжанов, Мұқағали Мақатаев пен Сайын Мұратбеков туған өлке. Халқымыздың ардақты ұлдары Ораз Жандосов пен Мұхамеджан Тынышбаев есімдері де Жетісу өлкесімен байланысты. Шараның мақсаты – Жетісу мен Астана тұрғындары арасында мәдени байланыс орнату, жастарды жүйелі оқуға баулу, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Жетісу ақын-жазушыларының, композиторларының шығармаларын насихаттау. Сондай-ақ, астаналықтарға Алматы облысының мәдени өрлеуі мен өмір жетістіктерін таныстыру, заманауи ұлттық мәдениет пен әдебиеттің лайықты орнын көрсету де шараның нақты мақсаты. Көрмені Алматы облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ақан Әбдуәлиев ашты. Шараға «Қазақ Пен» клубының президенті, жазушы Бигелді Ғабдуллин, «Қазақ Пен» клубының мүшесі, жазушы Смағұл Елубай, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, жазушы Жұмабай Шаштайұлы, сондай-ақ, басқа да Жетісуда туып-өскен бірқатар өнер адамдары қатысты. Көрмеге Алматы облысы әкімінің қолдауымен 2006-2016 жылдар аралығында жарық көрген 319 автордың кітаптары қойылды. Шыққан жылы бойынша хронологиялық ретпен орналастырылған сөрелерден өлкенің ақын-жазушыларының, композиторларының туындыларымен танысуға болады. Айгүл Сейілова