• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
13 Қыркүйек, 2016

Фигу «Алтын доптан» басты үміткерді атады

217 рет
көрсетілді

  Даңқты футболшы, Португалия құрамасының және «Реал Мадрид» клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Луиш Фигу жерлесі Криштиану Роналдуды биылғы жылы «Алтын» доптан» басты үміткер деп санайды. Бұл туралы Marca хабарлады. — Бұл Криштианудың жылы. Оның жеңіп алған атақтарының өзі ерекше назар аударуды талап етеді. Сөз жоқ, Роналду — «Алтын доптан» басты үміткер,— дейді Фигу. 2015-2016 жылғы маусымда Роналду «корольдік клуб» сапында Чемпиондар Лигасын, ұлттық құрамасымен бірге Еуропа чемпионатын жеңіп алғаны белгілі. Арнұр АСҚАР