• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Қыркүйек, 2016

Мемлекеттік органдар мен журналистердің басты ұстанымы елдің тұтастығын сақтау болуы тиіс

377 рет
көрсетілді

«Өздеріңіз білесіздер, мен 5 жыл бойы Президенттің жанында жұмыс істедім және Елбасыдан көп нәрсе үйрендім, осы күнге дейін тәлім алудамын. Осы ретте қызықты жағдайға назар аудардым. Мемлекет басшысы пиармен айналыспайды. Президент сапалы түрде ұғындыра алады. Яғни, Елбасы әңгіме барысында барлығын түсінікті түрде жеткізеді. Бұл тұрғыда Президенттің күш-жігері халық үшін, Қазақстанның игілігіне бағытталған», деді бүгін Астанада коммуникациялық медиа-менеджмент және қаржылық сауаттылық тақырыбындағы семинарда сөйлеген ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев. Д. Абаев ақпараттық саясат қоғамның тыныштығы мен ел дамуының ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтті. «Сондықтан дәл қазір бізде де ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сонымен бірге мемлекеттік саясатты халыққа толыққанды жеткізу аса маңызды. Бұл істе мемлекеттік органдардың, журналистердің де басты ұстанымы елдің тұтастығын сақтау, халықтың игі бастамаларына бағыттау болуы тиіс. Бүгінгі жиын осындай ортақ міндеттерді жүзеге асыруға үлкен үлес қосады деп сенемін», деп түйіндеді сөзін министр. Дәурен Әскербекұлы 2011 жылдың қазанында Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды. 2013 жылдың шілдесінен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы қызметін атқарды. Ал биылғы мамырдан бастап ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі қызметіне тағайындалды.