Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтегі және бірқатар мемлекеттік органдардағы жаңа тағайындаулар мен құрылымдық өзгерістерге түсініктеме бере отырып, олардың қазіргі сын-қатерлерді лайықты еңсеру қажеттілігінен туындағанын айтты деп хабарлайды Ақорда.
– Жақында облыстардың, Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында дағдарыспен күрес жұмысынан экономиканың өсімін ынталандыру бағдарламасына көшу жөніндегі шаралар талқыланды. Бұл қосымша жұмыс орындарын ашуды, атап айтқанда, ауыл шаруашылығында, тұрғын-үй құрылысында және басқа да салаларда халықтың табысын арттыруды көздейді. Осыған байланысты жаңа министрлер кабинеті алдына нақты міндеттер қойылды. Үкімет құрамында жасалған өзгерістер басқарушылардың жаңа буынының, соның қатарында «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің де уақыты келгенін көрсетеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы жасалған өзгерістер халықтың әл-ауқатын арттыруға, экономикалық көрсеткіштерді жақсартуға, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және Қазақстанның қарқынды дамуына бағытталғанын атап өтті.
Елбасының мәлімдемесін мына жерден көруге болады.