• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
13 Қыркүйек, 2016

Жарыстар жаңғырығы

255 рет
көрсетілді

Футзал. Колумбияда басталған әлем чемпионатында Е іріктеу тобына түскен Қа­зақ­стан құрамасы 13 қыр­күйек күні өт­кен 1-турда Арген­тина­ға 0:1 есебімен есе беріп қойды. Ойын тағдырын шешкен жал­ғыз голды 20-минутта Аламиро Вапо­ра­ки салды. Енді біздің жерлестеріміз 16 қыр­кү­йек­те Коста-Рика, 19 қыр­күйек­те Со­ло­­мон аралдары командаларымен кездеседі. Шахмат. Бакуде 2 қыркүйекте бас­талған Дүниежүзілік Олимпиадада осы кезге дейін 10 турдың ойындары ой­нал­ды. Қазір ерлер құрамалары арасында АҚШ, Украина, Ресей, әйелдер командалары арасында Қытай, Ресей, Польша көш бастап тұр. Біздің жігіттер – 41-ші, қыздар 27-ші орындарға орналасты. Соңғы турда ерлеріміз Моңғолияны 3:1, қыздарымыз испандықтарды 2,5:1,5 етіп ұтты. Жекелей есепте ерлерден Мұртаз Қажығалиев (81-орын), Азамат Өтеғалиев (83), қыздардан Шолпан Жылқайдарова (110), Жансая Әбдімәлік (135) және Гүлмира Дәулетова (143) үздіктердің алғашқы 150-лігінде келеді. Жеңіл атлетика. Қазақстандық Ольга Рыпакова Брюссельде өткен «Брил­лиант лигасының» қорытынды кезеңінде үш қарғып секіруден күміс медальға қол жеткізді. Ол 14,41 метрлік көрсеткіш көрсетті. Алтын медаль тағы да колумбиялық Катерин Ибаргуэннің еншісінде кетті. Ол 14,66 метрге секір­ді. Ал үшінші орынға 14,16 метрді бағын­дырған грек қызы Параскеви Папахристу орналасты. Хоккей. Астананың «Барысы» тізгі­нін белорус маманы Эдуард Занко­­вец ұстағаннан кейінгі бірінші матчын 9 қыркүйекте өз алаңында Ханты-Мансының «Юграсын» 3:2 есебімен жеңді. Бірақ 11 қыркүйекте Екатеринбургтің «Автомобилисін» қабылдап, 3:4 есебімен ұтылып қалды. Көшпелілер ойындары. Жарыстың бұл түрінің қорытынды нәтижелеріне өзгерістер енді. Оны ойынның соңғы күні мәреге жеткен түрікмен күресі әкелді. Командалық есепте 27 алтын, 26 күміс және 30 қола медалі бар Қырғызстан бірінші орында қалса, екінші сатыға 15 алтын, 2 күміс және 6 қола медаль алған Түрікменстан көтерілді. Үшінші орын 14 алтын, 10 кү­міс және 16 қола медальды Ресей құра­масына бұйырды. Қазақстан командасы 13 алтын, 15 күміс және 15 қола медальмен төртінші орынға жылжып кетті.