• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Қыркүйек, 2016

Медиа кеңістіктегі жұмысты жетілдіруге арналған семинар

265 рет
көрсетілді

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Мемлекет басшысының мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында мемлекеттік органдардың, баспасөз қызметтерінің басшылығы, сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарының шеф редакторлары мен шығарушы редакторлары үшін семинар ұйымдастырды. «Коммуникациялық медиа-менеджмент және қаржылық сауаттылық» тақы­рыбындағы семинарды министр Дәурен Абаев ашты. Министр өз сөзінде заманауи тех­нологиялардың дамуы нәтижесінде әлем­дегі жағдай жедел өзгеріп жатқанына тоқталды. «Ньюсмейкерлердің саны едәуір өсті. Әлеуметтік желілер мен қолжетімді гад­жет­тердің арқа­сын­да интернеттің кез келген қол­да­­нушысы елді елең еткізе алатын болды. Мем­лекеттер мен ірі трансұлттық компа­ния­лардың ақпаратты бір қолда шоғырлан­дыру бойынша ық­палы азаюда», – деді Д.Абаев. Осыған орай ол әріптестерін әрдайым халықпен тиімді коммуникация орнатудың тетіктерін жетілдіруге шақырды. Аталған семинарға комму­ни­кациялық менед­жмент саласындағы шетелдік және қа­зақ­стандық маман­дар мен PR-мамандар келді. Семинар Астана қаласында  қыркүйектің 13 мен 17 аралығында өтеді. Семинар жә­не шеберлік сабағы бағдарламасына келесі ба­ғыттар кіреді: шешендік өнер, экономи­ка және қаржы журналистикасының ерек­шеліктері, коммуникациялық технология­лар, қазіргі саяси жағдайдағы БАҚ-тың рөлі, ин­тернет және әлеуметтік желілер, ком­му­ни­кациялық менеджмент, қоғаммен байланыс. «Егемен-ақпарат»