• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
14 Қыркүйек, 2016

Чемпиондар лигасы: Барселона 7, Бавария 5 гол соқты (видео)

252 рет
көрсетілді

Кеше түнде Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде A, B, C, D топтарындағы ойындар өтті. ПСЖ мен Арсенал 1:1 есебімен тең ойнады. Кездесу бастала салып 1-минутта Кавани соққан голға қонақтар 77-минутта Алексис Санчестің голымен жауап берді. Бұл топта Базель мен Лудогорец те осындай есеппен тең ойнады. В тобындағы Бенфика мен Бешикташ кездесуі 1:1 есебімен аяқталды. Ал Динамо Киев өз алаңында Наполиден ұтылды, есеп 1:2. Голдарды Гармаш және Милик (дубль) соқты. С тобында Барселона Шотландияның Селтигін қабылдап, ойсырата ұтты: 7:0. Месси хэт-трик, Суарес дубль жасаса, Неймар мен Иньеста бір-бір голдан соқты. Ал Манчестер Сити мен Менхенгладбахтың Боруссиясы арасындағы ойын нөсерге байланысты кейінге қалды. D тобында Бавария өз алаңында ресейлік Ростовпен ойнап, 5:0 есебімен жеңді. Голдарды соққан: Левандовски (пенальти), Мюллер, Киммих (екі гол) және Бернат. Бүгін Е, F, G және H тобында ойындар өтеді.