• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
15 Қыркүйек, 2016

Мешітте тегін дүкен ашылды

449 рет
көрсетілді

Құрбан айт өңірде есте қаларлық оқиғалармен атап өтілді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкіл имамы, Науан Хазірет атындағы орталық мешіттің бас имамы Қанат Қыдырмин жамағатты ұлық мерекемен құттықтауында жақсылық пен игіліктің ордасына айналған Отанымызды гүлдендірудегі ортақ ұмтылыс­тар­дың артқандығын атап өтті. Құтты қадамның өркен жаюы­на діни қауымдастық та өзіндік үлес қосуда. Игі мысал ретінде, Көкшетау мешітінде әлеуметтік жағынан нашар қорғалған жан­дарға арналған дүкен ашылғанын айтуымызға болады. Дүкеннің ерек­шелігі тегін қызмет көр­сетуінде. Қалалық әлеуметтік қам­сыз­дандыру бөлімінің тізімі бо­йынша мұнда 60 отбасы тіркеуге алынған. Олар азық-түлік, киім-кешек, тағы басқа тауарларды жеткілікті мөлшерде ала алады. Бас имамның мәлімдеуінше, дүкен мешіттің өз қаржысы мен демеушілердің көмегімен жұмыс істейді. Сондай-ақ, барлық жа­мағат үшін дүкеннің есігі ашық. Бұған қосымша, облыстың барлық мешітінде мереке құрметіне құрбан шалынып, ас берілді. Қорғалжын ауданы мен Бестөбе кентіндегі бұқаралық шарада ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылса, жас шәкірттер Құран оқудан сынға түсті.  Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан» Ақмола облысы