• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
15 Қыркүйек, 2016

«Қазақстанға саяхат кітабының» тұсаукесері

498 рет
көрсетілді

Назарбаев орталығында  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры және Green Penguin агенттігі Қазақстан туралы эдьютеймент пішімінде жарық көрген «Қазақстанға саяхат кітабы» атты туындыны таныстырды. Бұл кітапты авторлар «Менің елім» деп аталатын қазақстандық бірегейлікті нығайтуға үлес қосу ниетімен Қазақстанның «визиттік карточкасы» ретінде ойластырған. «Қазақстанға саяхат кітабы» Ұлы Дала елін елестетеді және оның таңғажайып байлығын танып-білуге, жаңаша көзқарас­пен қарауға және сүйсінуге шабыт­тан­дырады. Саяхат кітабы­ның пішімі ерекше – ол анықтамалық та, оқулық та емес және географиялық атлас та емес. Оны тарихи-геогра­фия­­лық және статистикалық факті­лер­­ге негізделген карта деуге бола­­­ды. Қазақстанға саяхат кіта­бы бар­лық жастағы адамдарға ар­нал­­ған және ол қазақстандықтар мен қо­­на­қ­тарды қызықтыратыны күмәнсіз. Бұл жолы авторлар кітаптың қазақ және орыс тілдеріндегі бірінші таралымын ұсынып отыр. Жақын арада оның ағылшын тілін­дегі нұсқасын шығару жұмы­сы басталады. «Жобаның әлеуеті зор және патриоттық сезімді, сондай-ақ,  еліміздің ерекшелігін және бірегейлігін, ішкі және сыртқы туризмді насихаттауға ық­пал етеді. Универсиада, ЭКСПО сияқты ауқымды іс-шара­лар өткізер алдында осындай жоба­ның сұранысқа ие болуы ар­та­ды. Ол дами бастайды. Біз оның еліміздің лайықты «визиттік карточ­касы» болатынына сенім­діміз» – деді Қазақстан Респуб­лика­сының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры Сағындық Нұраханов тұсаукесерде. Сонымен қатар, ол жобаны бір жарым жыл бойы жас дизайнерлер, тарихшылар мен сарапшылар, блогерлер мен саяхатшылар, журналистер және Қазақстанды білетін және сүйетін қарапайым ынталы адамдар жасағанын да  атап өтті. «Қазақстанның тарихы мен табиғаты өте бай болғандықтан, оны бір кітапқа сыйғызу мүмкін емес. Сонда да біз тепе-теңдікті сақ­тай алдық деп ойлаймын. Кітап­қа  48 діни ғимарат, 130 тарихи нысан, 65 танымал тұлға, 64 жануар­лар әлемі және басқа да көп­теген көрнекі орындар енгізіл­ді», – деді Green Penguin агентті­гінің директоры Ирина Тарасенко. Аталған жобаның авторлары да осал емес. Біріншісі – Тұңғыш Президент – Елбасының Қоры болса, екіншісі – 2015 жылғы креативтік рейтинг бойынша Орталық Азияның ең үздік Green Penguim агенттігі болып отыр. Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан»