• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Қыркүйек, 2016

Жарыстар жаңғырығы

204 рет
көрсетілді

Велоспорт. Испанияда «Вуэльта» көпкүндігі мәреге жетті. Оның қорытындысын­да дат Маг­нус Корт Нильсен – бірінші, италиялық Даниэль Беннати – екінші, бель­гия­лық Гианни Мерсман үшінші орын­дарды алды. «Астана» велошабан­доздары сапынан ең үздік көрсеткіш көр­сеткен Андрей Зейц көмбе сызы­ғын 32-інші болып қиды. Осы күндері Канадада «Гран-при Монреаль» жарысы да бо­лып өтті. Ұзақтығы 205,7 шақырым­ға созыл­ған бұл бәйгеде Рио Олим­пиа­да­сы­ның чемпионы, бельгиялық Грег ван Авермат алдына жан салмады. «Астана» клубы мүшелерінің ара­сын­дағы ең жақсы көрсеткішке жет­кен Танел Кангерт 21-ші орын алды.   Футбол. Қытайда аяқтал­ған «Төртеудің турнирінде» Қазақстан­ның жасөспірімдер құрамасы барлық кездесулерінде ірі есеппен ұтылып, ең соңғы орында қалып қойды. Бас жат­тықтырушы Серік Әбдуәлиевтің шәкірттері алдымен мексикалық құрдастарынан 0:6 болып тізе бүксе, алаң иелеріне 0:3 есебімен есе жіберді. Соңғы ойында біздің команданы Иран құрамасы 5:1 етіп күйрете жеңді. Кеше сондай-ақ, Словения Футбол ассоциациясының басшысы Александр Чефериннің УЕФА президенті болып сайланғаны бел­гілі болды. Сайлау 14 қыркүйекте Афина қаласында өтті. Онда 55 федерация өкілдерінің 42-сі жаңа президентке, 13-і оның нидерландтық қарсыласы Михаэль ван Прагқа дауыс берді. Волейбол. Филиппиннің Бинан қала­сында Азияның әйелдер ж­асақ­тары арасындағы  клубтық чем­пионаты көмбеге жетті. Бас бәйгені финалда Қытайдың «Байя Шэньчженін» үш партияда ұтқан жапонның «НЕК Ред Рокетс» командасы жеңіп алды. Ал үшінші орын үшін таласта Өскеменнің «Алтайы» Таиландтың «Бангкок Гласынан» 2:3 есебімен ұтылды. Матчтың басында біздің жерлес­теріміз 2:0 етіп ұтып тұрды. Бірақ содан кейін ойын тізгінін қолдарынан шығарып алды. Турнирде құрлықтың 12 күшті клубы күш сынасты.   Баскетбол. Иранның астанасы – Тегеранда ерлер құрамалары Азия Кубогы екінші кезеңінің ойындарын өткізіп жатыр. Мұнда Е тобына түскен Қазақ­стан баскетболшылары филиппин жігіттерінен 86:98 есебі­мен жеңіліс тапты. Мұның алдында олар бірінші кезеңде Иор­даниядан 71:89, Қытайдан 85:106, екінші кезеңде Қытай Тай­пейінен 77:92 есептерімен жеңілген еді. Осы ойындардан кейін команда тур­нир кестесінің ең соңғы орнында келеді.   Паралимпиада. Рио-де-Жанейро­да 8 қыркүйекте бастал­ған ойындар енді 3 күннен кейін аяқ­талады. Осы кезге дейін қазақ­стан­дықтар бұл додада 1 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды. Бұл команданың 48-орынға табан тіреуіне мүмкіндік берді. Ал топ басында Қытай (63, 51, 33), Ұлы­британия (34, 18, 23) және Украина (27, 27, 24) құрамалары тұр.   «Егемен-ақпарат» «Қазақстанға