• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
14 Қыркүйек, 2016

Драма театрларының фестивалі

519 рет
көрсетілді

Ақтөбе қаласында Қазақстан драма театрларының ХХІV рес­пуб­ликалық фестивалі өтіп жатыр. Бұл мәдени шараны Мәде­ниет және спорт министрлігі об­лыс әкімдігімен бірлесіп ұйым­дас­тырған. Фестивальдің мақсаты елі­мізде театр өнерін насихаттау, оны дамыту, дарынды актер­лер мен режиссерлерді ынталан­дыру, қазіргі заманғы сахна өнерін­дегі жаңа бағыттарды анықтау, өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәр­биелеуге атсалысу болып табыла­ды. Биылғы фестивальдің ерек­шелігі – Қазақстан халқының бас­ты игілігі саналатын ел Тәуел­сіз­дігінің 25 жылдығы аясында өтуі деу орынды болмақ. Драмалық театрлар фести­валін ұйымдастырудың мақсаты мен мәні жайында қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитеті өкіл­­дерінің қатысуымен өткен бас­пасөз мәслихатында жан-жақты айт­ылды. Мәдениет және спорт министр­лігі басқарма бас­шыс­ы­ның міндетін атқарушы Гүл­нафис Мырзашева бұл мәдени шара­ның 1992 жылдан бері елі­міз­­дің барлық қалаларында ұйым­дас­­ты­рылғанын, ал, Ақтөбеде осы­мен екінші рет өткізіліп отыр­ғанын тілге тиек ете келіп, фес­тивальға қатысушы театр­лар­дың клас­си­ка­лық спектакльдермен бірге, отандық авторлар туындыларын көрермендер назарына ұсынатынын жеткізді. Ол, сондай-ақ, іріктеуге 30 театрдан өтінім түскенін, солардың арасынан бұл жолғы фестивальға сегіз театрдың жолдама алғанын, бір театрдың конкурстан тыс қатысып отырғанын айтты. Әсіресе, жас режиссерлердің қойылымдарына басымдық берілгенін, қойылымдар еркін тақырыпта болатынын атап өтті. М.Әуезов атындағы Қазақ мем­­­ле­­кеттік академиялық драма театры­­ның директоры, Қазақ­стан Рес­пуб­ликасының еңбек сіңір­ген қай­раткері Ерлан Біләл фес­тиваль­дің театрлардың қой­ған спек­такль­дерін бағалау арқы­лы олардың қан­дай деңгейге көтеріл­генін, актер­лердің қаншалықты шы­ғар­ма­шы­лығы шыңдалғанын сарап­тау­ға мүм­кіндік туғызатынын жеткіз­ді. Фестивальді кіріспе сөз сөйлеп ашқан облыс әкімінің орынбасары Асқар Биахметов мәдени шараның ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы ая­сында ұйымдастырылып отыр­ғанын айта келіп, бұл шараның өнері мен өндірісі дамыған өңірде өтк­ізілуі үлкен жауапты да мерейлі мін­дет жүктейтінін атап өтті. Ал сал­танатты сәтте сөз алған Мәде­ниет және спорт министрлігі бас­қарма басшысының міндетін атқарушы Гүлнафис Мырзашева Мәдениет және спорт министрі Арыс­танбек Мұхамедиұлының құт­т­ық­тау хатын оқып берді, фес­тива­ль­ға қатысушыларға шығар­ма­­шылық табыс тіледі. Фестиваль шымылдығы Сол­түс­тік Қазақстан облыстық С.Мұ­қанов атындағы қазақ музыкалық драма театры сахналаған Қ.Толы­байұлының «Дауылпаз баба – Қо­жа­­берген» спектаклімен ашыл­ды. Спектакльдің режиссері – Батырбек Шамбетов. Фестиваль күндері көрер­мен­дер тарихымыздан сыр шертетін құнды қойылымдармен қатар, драматургия классиктері У.Шекспир, А.Чехов, Н.Гоголь, Ш.Айтматов сынды авторлардың туындыларымен де таныса алады. Ақтөбеліктер төрт күн бойы сахна өнерінен әде­мі әсер алып, актерлердің шығар­машылық шеберлігіне тәнті болады деген үміттеміз.  Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан» АҚТӨБЕ