Қазақстан футбол федерациясы атқару комитетінің шешімімен Қаныш Әубәкіров федерацияның бас хатшысы болып тағайындалды. Қаныш Қайдарұлы, сонымен қатар, федерация президентінің бірінші орынбасары болып та саналады.
Айта кететін жайт, Қ.Әубәкіров 2011 жылы Қазақстан футбол федерациясында бірінші вице-президент ретінде қызмет атқарған. Бұған дейін мемлекеттік және бизнес құрылымдарында бірқатар басшылық қызметтерде болған.
«Егемен-ақпарат»