• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
27 Қыркүйек, 2016

Үздіктер ұпай жоғалтпады

288 рет
көрсетілді

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының кезекті маусымы аяқталар тұс таяп келеді. Бүгінде чемпиондықтан үмітті екі-ақ команда қалды. Олар – «Астана» мен Алматының «Қайраты». Демалыс күндері болған 28-тур ойындарында екі команда да қарсыластарынан 1:0 есебімен басым түсті. Бұл турда аталған екі мықты өз кездесулерін сырт алаңдарда өткізді. Турнир кестесінде көш бастап келе жатқан «Астана» Шымкентте жергілікті «Ордабасын» жеңсе, «Қайрат» «Ақтөбеден» айласын асырды. Қос кездесуде де ойын тағдырын жалғыз гол шешкенін жоғарыда айттық. Тағы бір сәйкестік, екі матчта да гол бірінші таймда соғылды. «Астана» сапынан ойынның 44-минутында Жуниор Кабананга мергендігімен көзге түсті. Ал «Қайрат» 35-минутта соғылған ресейлік легионер Андрей Аршавин голының арқасында жеңіске жетті. Бірінші алтылықтың тағы бір кездесуі Көкшетауда өтті. Өз алаңында Павлодардың «Ертісін» қабылдаған жергілікті «Оқжетпес» қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді. Осы жеңісінен кейін «Ертіс» 44 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді. Айта кетейік, 28-турдың шымылдығы сенбі күні Қостанайдың «Тобылы» мен Талдықорғанның «Жетісуы» арасындағы матчпен ашылған болатын. Өз жанкүйерлері алдында намысқа салмақ салған қостанайлықтар ойында 3:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл кездесудің осы турдағы ең тартысты ойын болғанын да атап өткен жөн. Оралда өткен жергілікті «Ақжайық» пен Қарағандының «Шахтері» арасындағы кездесуде кеншілер 2:1 есебімен басым түсті. Осылайша, «Ақжайықтың» бес ойынға дейін жеткен жеңіс сериясына нүкте қойылды. Екінші алтылықтың келесі ойы­нында «Атырау» өз алаңында «Таразды» қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ел чемпионаты енді төрт турдан кейін аяқталады. Әзірге «Астана» мен «Қайраттың» қайсысы чемпион болатынын тап басып айту қиын. Әрине, басты қарсыласынан 4 ұпай алда келе жатқан және бір ойыны кем елордалықтардың мүмкіндігі жоғары. Алайда Еуропа лигасы мен Қазақстан кубогы сайыстарында да сынға түсетін олардың бәсекелестік тұрғыда осалдық танытуы әбден мүмкін. «Қайраттың» басты көздегені де осы екені түсінікті. Еламан ҚОҢЫР 26 қыркүйектегі турнир кестесі 1-6-орындар (Бірінші алтылық) № Командалар Ойын Жеңіс Тең Жеңіліс Д-А. Ұпай 1 «Астана» 27 21 2 4 43-19 65 2 «Қайрат» 28 19 4 5 64-28 61 3 «Ертіс» 28 13 5 10 43-29 44 4 «Ордабасы» 28 12 7 9 35-36 43 5 «Оқжетпес» 27 12 4 11 37-34 40 6 «Ақтөбе» 28 9 8 11 33-42 35   7-12-орындар (Екінші алтылық) 7 «Тобыл» 28 11 5 12 36-32 38 8 «Шахтер» 28 9 6 13 18-32 33 9 «Атырау» 28 8 9 11 26-32 33 10 «Жетісу» 28 7 6 15 32-44 27 11 «Ақжайық» 28 8 2 18 20-47 26 12 «Тараз» 28 7 4 17 27-39 25  Үздік мергендер: 1) Жерар Гоу («Қайрат») – 18 гол; 2) Бауыржан Исламхан («Қайрат») – 15 гол; 3) Роман Мұртазаев («Ертіс») – 15 гол.