• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Қыркүйек, 2016

Ұлы даланың үні

346 рет
көрсетілді

  Бүгін «Қазмедиа» орталығында Қазақ радиосына 95 жыл толуына орай «Халықаралық байланыстар орнатудағы радионың рөлі» атты конференция болды. Алғаш 1921 жылдың қазан айынан бастап Орынбор қаласынан бүкіл республикаға трансляция беріле бастады. Бір ғасырға жуық уақыттың ішінде қазақ даласын ән-күймен тербеген, халыққа рухани жан азығын сыйлаған, оған қоса елдегі бүкіл оқиғаларды шұғыл таратып отырған Қазақ радиосының  қоғамдық өмірден алар орны мен тарихи мәні туралы көп айтуға болады. Радионың 95 жылдық тарихына көз жүгіртсек, қазақтың әдебиеті мен мәдениетіне, өнеріне қатысы бар адамдардың көбінің есімі осы радиомен тікелей байланысты екенін көруге болады. Филология ғылымдарының докторы Намазалы Омашұлы Қазақ радиосы бір күнде  40 шақты «Правда» газетіне тең болатын ақпаратты таратқан. Қазақ радиосы бүгінде тәулік бойы 9 тілде хабар таратады: қазақ, орыс, ағылшын, неміс, корей, ұйғыр, әзербайжан, түрік және татар тілдерінде. Конференцияға бірқатар елдерден қонақтар келді. Олардың арасында Бүкілресейлік мемлекеттік телевизия және радиотаратау компаниясы бас редакторының кеңесшісі Вячеслав Умановский (Ресей), Ұлттық телерадио тарату корпорациясының бас директоры Кайрат Иманалиев (Қырғызстан), Би-Би-Си-дің қырғыз редакциясының продюсері Венера Койчиева (Ұлыбритания), Орталық Халық радиостансасынан Қанатбек Жұмабайұлы (ҚХР), «Deutshe Welle» халықаралық коммуникация орталығының директоры  Клаус Бергман (Германия) бар. Айгүл СЕЙІЛОВА