• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Қыркүйек, 2016

Достықтың кең құшағы

248 рет
көрсетілді

Алматыда Қытай Халық Республикасының құрылуының 67 жылдығына орай ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулы Чжан Вэй қабылдау жасады. Аталған шарада құт­тық­тау сөз сөйлеген бас консул Қытай мен Қазақстан ара­сындағы ынтымақтастық екі елдің де сыртқы сая­сат­ындағы басты бағыты еке­нін ерекше атап өтті. Қы­тайдың Қазақстандағы бас консулдығы орналасқан Алматы қаласы жақында ғана өзінің 1000 жылдық тойын салтанатпен атап өткені еске түседі, Ұлы Жібек жо­лындағы алғашқы аялдамасы болуымен де айрықша ыс­тық тартады. Бұл екі елдің ын­тымақтастығының анық дәлелі болса керек. Экономикалық серік­тес­тік аясында Ұлы Жібек жолы экономикалық белдеуінде Қазақстан мен Қытайдың өза­ра ынтымақтастығы тоғыс­ты. Әсіресе, бұл мәсе­лелер Қазақстан Көш­бас­шысы Нұрсұлтан Назарбаев­тың «Нұрлы жол» стратегия­сы­нан көрініс тапты. Әң­гі­ме кезінде «Астана ЭКСПО-2017», қысқы Уни­вер­сиада, Қытайдың Қа­зақ­стан­дағы туризмі жылы­ның дамуына алғы­шарт болатыны айтылды. Кеш­те Қытайдың сахна шеберлері өнер көрсетті және «Қытай табиғаты» фотокөрмесі ұсынылды. Сапарбай ПАРМАНҚҰЛОВ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ