Сенаттың баспасөз қызметі Жоғарғы палата депутаттарының «Шын жүректен» марафонына қолдау білдіргенін хабарлады.
Мұқтаж азаматтарға көмек көрсетуге арналған ауқымды қайырымдылық шарасы Қазақстан Республикасы Парламент Сенатында да қолдау тапты.
Палата отырысы барысында Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысының бастамасымен өтіп жатқан «Шын жүректен» қайырымдылық телемарафонына қатысуға шақырды. «Қазақстан» телеарнасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы шараның ұйымдастырушылары болып табылады. Бір күндік еңбекақыны мұқтаж жандарға аудару туралы Төрағаның ұсынысына депутаттар қолдау білдірді.
«Егемен ақпарат»