Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік (WADA) 2017 жылға спортшылардың пайдалануына тыйым салынған препараттардың жаңартылған тізімін жариялады. Жаңа тізімде мельдоний де бар, деп хабарлайды ұйымның ресми сайты.
WADA басшысы Крейг Риди спортшылардың жаңа тізіммен танысуына 3 ай уақыт барын атап өтті. «Жаңа тізіммен танысуға уақыт жеткілікті. Әлем спортшылары осы стандартқа сай болуы тиіс, бұл ережелерді қасақана бұзғандар жазаланатын болады», деп мәлімдеді ол.
Тыйым салынған препараттардың жаңартылған тізімі 2017 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.
Егемен-ақпарат