Дональд Трамп президенттігінің бірінші апта басында доллардың өзге әлемдік валюталарға шаққандағы өзіндік құны 6 апталық минимумға құлдырады. Оған себеп ретінде инвесторлар жаңа президенттік қаржы-валюта саясатындағы ұстанымдарының әлі жарияланбауымен байланыстырып отыр, деп жазады investing басылымы.
АҚШ долларының көрсеткіші халықаралық валюта саудасында шет елдік басты алты валютаға шаққанда 0,48% төмендеп, 8 желтоқсандағы 100,28-ге түсті.
Қарашадағы Трмап жеңісінен кейін доллар құны 3,5 пайызға көтерілген. Оған себеп болған инфрақұрылымдық жобаларға басымдылық беріліп, бұл ел экономикасын алға сүйрейді деген жорамал болатын.
Алайда, әлі күнге дейін Трамптың бұл тұрғыда саясаты мен ұстанымының нақтыланбай отыруы доллардың өзіндік құнын бір ай ішінде 1,9 пайызға құлдыратты.