• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
13 Қазан, 2016

WBA Джейкобстың Головкинмен сыйақыны бөлу туралы сұранысын қанағаттандырмады

272 рет
көрсетілді

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) Геннадий Головкин мен американдық Дэниэл Джейкобс арасында өтуі тиіс кездесудегі сыйақыны бөлу ережелерін өзгеріссіз қалдырды. Бұған дейін Джейкобстың тобы WBA-дан болашақ кездесудегі сыйақыны бөлуді өзгертуін сұраған еді. WBA-ның арнайы комиссиясы бұл сұранысты қарап, ереже бойынша белгіленген сыйақыны қалдырды. Суперчемпион ретінде Головкин кездесуден түскен жалпы қаражаттың 75 пайызын алады, ал тұрақты чемпион Джейкобс - 25 пайыз алатын болды. Бұған дейін американдық кәсіпқой боксшы 60/40 қатынасында бөлуді сұраған еді. «WBA 16 рет атағын қорғаған Головкинның еңбегін бағалап осындай шешім шығарды. Ол алты жыл қатарынан WBA чемпионы және ұйым өзінің ережелерін өзгеріссіз қалдырғанына қуаныштымыз. Сонымен қатар, бұл шешім Джейкобстың тобымен келіссөздер жүргізуге кері әсер етпейді деп ойлаймын», - деп WBA-ның шешіміне Головкинның промоутері Том Леффлер сұхбат берді. Дэниел Джейкобс – американдық кәсіпқой боксшы. WBA тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы, NABF нұсқасы бойынша Солтүстік Америка чемпионы. Кәсіби боксқа 2007 жылы 8 желтоқсанда келген. Соңғы жекпе-жегін 2016 жылдың 9 қыркүйегінде Серхио Мароға қарсы өткізіп, чемпиондық атағын сақтап қалды. 33 кездесу өткізіп, оның 32-ісін жеңіспен аяқтаған. Соның ішінде 29 жекпе-жекті уақытынан бұрын нокаутпен жеңген. 2010 жылы Дмитрий Пирогпен жұдырықтасып, жеңіліс тапқан.