• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
13 Қазан, 2016

Дубайдағы көрмеде Қазақстан павильоны ашылады

418 рет
көрсетілді

Дубайдағы және БАӘ солтүстік әмірліктеріндегі ҚР Бас консулы Арман Исағалиев «Global Village» көрме ойын-сауық кешенінің бас директоры Ахмад Хусейн бен Исамен кездесті, деп хабарлады ҚазАқпарат. Кездесуде аталған көрмеде Қазақстан павильонын ашу, сонымен қатар Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау қарсаңында «Global Village» кешенінде Қазақстан күндерін өткізу келісіміне қол жеткізілді. «Global Village» кешені  1997 жылы ашылды және ол Дубайдың көрікті орындарының бірі болып саналады. Оған келушілердің саны жыл сайын  6 миллион адамға жетеді. Көрме 30-дан астам павильонды біріктіреді.