• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
13 Қазан, 2016

Таразда да қар жауды

255 рет
көрсетілді

Таразда синоптиктер болжағандай ауа райы суытты деп хабарлайды Қазақпарат. Күндіз облыс орталығында және оның маңындағы аудандарда жел жылдамдығы күшейіп, 15-20 метр секундқа жетті. Кейін жауын жауып, ол қарға ұласты. Бір сағат ішінде ғана Таразда  5 - 7 сантиметр қар түсті. Сынап бағанасы нөлдік деңгейге дейін түсті. Жамбыл гидрометеорология орталығының ақпаратынша, 13 және 15 қазанда облыс аумағында оңтүстік батыстан соққан жел күшейеді, кей жерлерде оның жылдамдығы 15-20 м/с-ге дейін жетеді, тұман түсуі ықтимал.