• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
14 Қазан, 2016

Үй жанынан снаряд табылды

399 рет
көрсетілді

Мәселенің мәнісі мынада. Ауыл адамының күнделікті шаруасы мен қам-қаракеті таусылған ба?! Тірліктің осындай қамымен Ілбішін ауылы тұрғындарының бірі үйіне су құбырын өткізу үшін оның айналасын қаза бастайды. Бір кезде үй иесі топырақтың арасында жатқан бір жағы тік, екінші ұшы үшкір, дөңестеу келген белгісіз затқа тап болады. Содан соң бұл өзі жарылғыш зат емес пе екен деп сәл ойланып қалады да, сақтық жасап, жергілікті полицияға хабар береді. Оның күдігі расқа шығады. Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қыз­метінен алынған дерек ауыл тұрғыны тап болған шағын сопақша зат азамат соғысы кезінде жарылмай қалған снаряд екенін айғақтап отыр. Ауыл азаматы үйінің іргесінде жатқан снарядтың ұзындығы 32 сантиметр, ал диаметрі 76 милиметр болып шықты. Бұдан соң жарылғыш зат­ты арнайы мамандар қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, залал­сыздандырды. Осы арада айта кетерлік тағы бір жәйт – Ілбішін жоғарыда айтылғандай азамат соғысы деп аталған жылдар­да қиян-кескі шайқастардың орта­лығы болғаны. Бұл арада анекдоттардың аты аңызға айналған кейіпкері Василий Чапаевтың белгілі №25 дивизиясы орналасқаны әрі оның осы маңда жаралы күйінде Жайықтың арғы бетіне жүзіп жете алмай суға батып мерт болғаны тарихи деректерден белгілі. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан» Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Ілбішін ауылы