• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
14 Қазан, 2016

Маржандай мозаикалар

447 рет
көрсетілді

Жақында Ұлттық музейде Италия мозаика мектебі шеберлерінің «Фриули мозаикасы» көрмесі салтанатты жағдайда ашылды. Сирек өнер туындылары ұсынылған шараны Италияның Қазақстандағы елшілігі мен Ұлттық музей ұжымы бірлесіп өткізіп отыр. Фриули – Италияның сол­түстік-шығысында орна­л­ас­қан және Альпіден Адриа­ти­ка жағалауларына дейінгі ай­мақты алып жатқан ерекше автономиялардың бірі болып саналады. Ал тарихы мыңдаған жылдарға кететін мозаика еш­қашан қолданыстан шық­қан емес және де әр ғасырда зама­науи үлгіде кеңінен пайда­ланы­лып келді. Сирек өнердің бұл түрі арқылы сәулет өнері айрық­ша түрленіп, адамзат өр­ке­­ниетінің баға жетпес құн­дылығы ретінде бағаланды. Сонымен қатар, тарихи сәу­летке қайталанбас өрнегімен жарқын ерекшеліктер де кіргізе алды. Италия шеберлерінің «Алтын балықтар», «Ат басты теңіз балықтары», «Аққулар», «Барылдақ торғайлар», «Әулие отбасы», «Тоқы­ма», «Құпия», «Көлең­келер», «Уики және балық­тар» сынды мозаика туын­дылары көне өнердің ежел­ден олармен егіз әрі қай ке­зеңде де бір-бірімен рух­тас болғандығын бай­қатады. Шараға қатысушылар алтын және платинамен қап­­талған майолика бұ­йым­­­дарын, сондай-ақ түр­лі өрнектермен безен­дірілген вазалар, табақтар, құмыралар, екі сапты графиндер, тегештер, үлкен шамдалдар, құм­ған­дар, қобдишалар, барокко са­ғат­тары сынды алуан түрлі зат­тарды тама­ша­ла­ды. Барлығы 70-ке жуық кера­мика бұйым­дары қойыл­ған көрме қа­р­а­шаның 28-іне дейін жалғаспақ. Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»