• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
14 Қазан, 2016

«Эйр Астана» – Универсиаданың ресми серіктесі

287 рет
көрсетілді

«Эйр Астана» ұлттық әуе тасымалдаушы 2017 жылғы Алма­ты­дағы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың ұйым­дас­тыру комитетімен ынтымақтастық жөнінде келісім жасасты. «Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостер мен 2017 жылғы Универсиада дирекциясының бас­шысы Наил Нұров қол қойған құжат негізінде бұл қазақстандық әуе компаниясы Ойындар демеушісі атанып, Универсиаданың ресми серіктесі деп танылды. Жасалған келісімге сәйкес, «Эйр Астана» спортшылар мен дирек­цияның ресми делегация өкілдерінің жергілікті және халық­аралық әуе рейстеріне едәуір жеңіл­діктер жасап қана қоймай, эстафета алауын Астанадан және 15 өңірден Алматыға жеткізуді және дирекция өткізетін іс-шара­лар­ды өз коммуникация тетіктері ар­қылы насихаттауды ақысыз түр­де жүзеге асырмақ. «Қысқы Универсиаданы ұйым­дастыру ісінде біздің де көмегіміз­дің тиетініне қуаныш­ты­мыз. Ең ірі спорттық сайыс­тар­дың бірі саналатын Универ­сиа­да­ның Алматыда өтуі Қазақстан әлеуе­тін әлемге танытуға, елдің таны­­мал­дығы мен туристік мүм­кіндігінің артуына ықпалын тигіз­бек. «Эйр Астана» үшін атал­ған шараға қолдау көрсету зор мәр­тебе», – деді «Эйр Астана» әуе ком­па­ния­с­ының президенті Питер Фостер. Ал Универсиада дирекция­сыны­ң басшысы Наил Нұров «Эйр Астананың» әлемдегі ең үз­дік әуе компанияларының бірі еке­нін, сондықтан Ойындарды ұйым­дастыру комитеті үшін бұл әуе ком­паниясымен ынтымақтастық ор­нату – Алматыдағы қысқы Уни­вер­­­сиа­­даның ойдағыдай өтуіне де­­ген се­німді арттыра түсетінін жеткізді. Мира БАЙБЕК, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ