• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Қазан, 2016

ОПЕК мұнай өндіру көлемін қарашада қысқартады

391 рет
көрсетілді

Венесуэланың Мұнай министрі Эулохио дель Пино ОПЕК ұйымының мұнай өндіру көлемін азайту жөніндегі келісімі қараша айында жүзеге аса бастайтындығын жеткізді, деп хабарлайды Блумберг агенттігі. Оның сөзінше, ОПЕК ұйымына мүше емес Ресей, Оман сияқты өзге де бірқатар мемлекеттер өздерінің мұнай өндіру көлемін азайтуға келісімдерін береді. Ол сондай-ақ мұнай өндіруші мемлекеттердің жақын күндерде тағы да бір рет бас қосатынын айтты. «Біз бұл мәселеде келісімге келуге ұмтылып жатырмыз. ОПЕК ұйымына мүше емес елдер саны неғұрлым көп болған сайын бұл шараның жағдайды тұрақтандыруға деген ықпалы да зор болады»,-деп келтіреді дель Пиноның сөзін Блумберг. ОПЕК Алжирде 28 қыркүйек күні өткен бейресми кездесуде мұнай өндіру көлемін шектеп, тәулігіне 32,5-33 миллион баррель ғана өндіру жөнінде келісімді талқыға салды. Алайда, әр мемлекет үшін нақты межені белгілеу бағытында келісім жоқ. Бұл мәселеге қатысты соңғы шешім ОПЕК ұйымының қарашаның 30-ы күні Венада өтетін ресми кездесуінде қабылдануы керек. Ұйым нарықты тұрақтандыру жұмыстарына өзге де мұнай өндіруші елдер қосылады деген үмітте. Ол бірінші кезекте Ресейге қатысты. ОПЕК ұйымының арнайы комитеті Алжир келісімін жүзеге асыру аясында алғаш рет 28-29 қазан аралығында Венада кездеседі. РФ Энергетика министрі Александр Новактың айтуынша, Ресей онда ОПЕК ұйымының техникалық кездесуіне және нарықты тұрақтандыру мақсатында мұнай өндіру көлемі бойынша нақты цифрларды талқылау ұсынылып отырған Венада, 29 қазан күні өтетін кездесуге қатысады. Новактың сөзінше, РФ бұл кездесуге көптеген елдерге шақырту жіберілетіндігіне, олардың арасында АҚШ-та болатындығынан үмітті.