АҚШ көлік министрлігі жолаушылар мен экипаж мүшелеріне Galaxy Note 7 смартфондарын ұшақ бортына әкелуге тыйым салды. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады.
Мекеме сайтындағы хабарламаға сүенсек, смартфондарды қол жүгімен алып кіруге ғана емес, жүкпен бірге тасымалдауға да тыйым салынды.
Осылайша, мекеме жолаушыларды ұшақ бортында мобильді құрылғыдан туындауы мүмкін өрт қаупінен сақтағысы келеді.
«Аталған телефондарға тыйым салу бірқатар жолаушыларға ыңғайсыздық тудыратынын білеміз, алайда борттағы қауіпсіздік одан да маңыздырақ», - делінген АҚШ көлік министрлігінің мәілмдемесінде.
Бұдан былай жолаушылар құрылғыны ұшаққа алып өтуге әрекеттенсе, құрылғы тәркіленіп, жолаушыға айыппұл салынады. Егер смартфонды жүк арасына салып, борттағы өрт қаупін ұлғайтса, қылмыстық қуғындауға ұшырауы да мүмкін.